423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде еңбек қауіпсіздігі басты назарда

  • 281
  • UPD: 21:20, 18.06.2020
Карантин кезінде еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Әлемдік дағдарыс дендеп тұрған шақта жұмыс орындарын сақтап қалу өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мәлімдеді. Түркістан облысы мен Шымкент қаласына келген кәсіподақ басшысы жолаушылар тасымалдайтын автобус паркінде болып, ондағы көлік жүргізушілерімен жүздесті. Дәулеталин жұмысшылардан еңбек қауіпсіздігінің карантин кезінде қалай сақталып жатқандығын сұрады. Кәсіподақ төрағасына автобустарды дизенфекциялау ісі, жүргізушілердің күнделікті жеке басының қауіпсіздігін қалай сақтайтындығы көрсетіліп, түсіндірілді. Бетпердені екі сағат сайын ауыстырып отыру, антисептиктермен қамтылу жайы да айтылды. Еңбеккерлердің жұмысы карантин шараларына байланысты уақытша тоқтаған кезде оларға әлеуметтік қолдау, төлем жасау жағы да кәсіподақ тарапынан қатаң бақыланады. «Азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау үшін елді мекендердегі кәсіподақ қызметкерлері жаңа жобалар жасауда», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

– Осы жерге келгендегі мақсатымыз, сол еңбек қауіпсіздігі қалай сақталып жатқанын көру. Себебі бүгінгі таңда ең бірінші мақсат, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал жұмыс беруші болса, соған жағдай жасауы қажет.

Хабар 24 телеарнасы