417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ХҚКО алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетеді

  • 167
  • UPD: 21:36, 18.06.2020

Батыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары тек соңғы айда тұрғындарға 20 мыңдай мемлекеттік қызмет көрсетіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір барлық орталық жұмысы жаңа форматқа көшірілді.

Ендігі жерде тұрғындар алдын ала жазылып, төлқұжат пен жүргізуші куәлігі секілді қағаз түріндегі құжаттарды алу үшін ғана келеді.

Виктор Синельников, қала тұрғыны:

– Маған міне, нөмір берді. Әрине, зейнеткер болған соң мені ешқандай кезексіз қызмет көрсетіп жатыр. Енді жүргізуші куәлігімді аламын.

Жеңілдікке ие санаттағылар үшін қосымша 2 терезе жұмыс істейді. Белгіленген уақытқа кешіккендер де осы жерге хабарласа алады. Брондау елорда уақытымен белгіленеді. Бір ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына күн сайын мыңға тарта адам қызмет алуға келеді.

Луиза Құсайынова,  мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы:

– Алдын ала бронь  жасау керек.  Сосын телефондарына хабарлама келеді.

Электронды цифрлық қолтаңба алуға және орталыққа жазылуға мүмкіндігі жоқтар үшін мектептер мен әкімдіктерде өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Колл- орталықта бейнебайланыс арқылы да кеңес беру жолға қойылған. Карантин кезінде тұрғындардың электронды құрылғылармен жұмыс істеуді біршама меңгергенін байқадық. «Қазір мемлекеттік қызмет түрлерінің 80 проценті алдын ала брондау тәсілімен көрсетіледі», – дейді мамандар.

Бақытжан Бисекенов, қала тұрғыны:

– Бір жұма бұрын броньға тұрғам. Уақыты келді, бірақ астана уақытымен. Бірақ өзіміз осы Оралдың уақытымен келдім.

Мұрат пан, қала тұрғыны

– Бронь арқылы кезекке тұрудың артықшылығы көп. Біріншіден, дәл уақытында келесің, бұрынғыдай келіп ұзын-сонар кезекке тұрмайсың. Ол үшін компьютер немесе смартфонның көмегімен электрондық  цифрлық қолтаңбаны жазып, электронды кезекке тұрасың. Сосын саған бірден хабарлама келіп, қай уақытта баратыныңды алдын ала білесің.

Аймақта тек мамыр айында 6 мыңдай тұрғын жаңадан жеке куәлік алып, көлік құралының құжатын қайта трікеуден өткізді. Жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 2 мың адамға қызмет көрсетілген. Мың шақты азамат жүргізуші куәлігін жаңалапты. «Мың жарым тұрғын жүктілік және босануға байланысты берілетін төлемдерді рәсімдеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үздік бестігі осылар», –дейді мамандар.

Авторлары:Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы