430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының тұрақтандыру қорына 7 мың тоннадан астам азықтық өнім алынды

  • 299
  • UPD: 11:53, 19.06.2020
Алматы облысының тұрақтандыру қорына 7 мың тоннадан астам азықтық өнім алынды

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 7 мың 300 тоннадан аса өнім алынды.

Әлеуметтік маңызы бар қант, ұн, күріш, сұйық май сынды тағам түрлері әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қоймаларына әкелінген. Тауар нарықтағы жағдайға байланысты арзандатылып сатылымға шығарылып жатыр. Ұн да осындай жүйемен наубайханаларға жіберіліп келеді. Сол арқылы өңірде нан бағасын өсірмеу көзделіп отыр. Ал картоп, пияз сынды көкөністер күзгі жиын терін уақытында алдын-ала жасалған келісім негізінде сатып алынады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржының тең жартысы тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, қалған бөлігі дүкендерді несиелендіруге жұмсалады. 

Диас Бейсенбек, «Жетісу» ӘКК баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі күні бір сауда орны 500 млн теңгеге несие алды. Бұл сауда желісі 6 ауданда 11 сауда нысандары бар. Алдағы уақытта Талдықорған қаласында да екі сауда орны ашылатын болады. Бұл сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бекітілген бағада сатылатын болады. Ірі сауда желілерімен бірге кішігірім дүкендерді де несиелендіретін боламыз. Бүгінде біз 4 дүкен бойынша келісім-шарт жасап несиелендіреміз деп жоспарлап отырмыз. Несиенің соммасы 5 млн теңгеден басталады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 001 пайыз бойынша несиелендіріледі.

Хабар 24 телеарнасы