418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 23 млн теңге жымқырды деген күдікпен мектеп бухгалтері ұсталды

  • 219
  • UPD: 12:57, 19.06.2020
СҚО-да 23 млн теңге жымқырды деген күдікпен мектеп бухгалтері ұсталды

Солтүстік Қазақстанда спорттық мектептердің бірінің бухгалтері бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша күдікті деп танылып отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері облыстағы спорттық мектептердің бірінің бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Ол өзінің карточкалық шотына 23 млн 781 мың 833 теңге көлемінде ақшаны артық аударып алу күдігіне ілінді. Ол қаражат мектептің басқа шығындарына, атап айтқанда іссапар, оқу-жаттығу жиындарына жұмсалуы тиіс еді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Іс-материалдары күдікті мен оның қорғаушысына таныстырылған. Іске қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы