429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауруханада орын таусылса, карантинді қатайтуға тура келеді

  • 295
  • UPD: 14:05, 19.06.2020
Ауруханада орын таусылса, карантинді қатайтуға тура келеді

Егер инфекциялық ауруханаларда жататын орындардың 90 проценті толса, елде карантин режимін күшейту қажет болады.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаеваның айтуынша, мұндай жағдайдың орын алуына жол бермеу керек. Ол үшін министрлік арнайы R көрсеткішін енгізіп отыр. Оған сәйкес 1 науқастың қанша адаммен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталады. Сондай-ақ коронавирус салдарынан болған өлім-жітім өсімі мен ауыр және өте ауыр халдегі науқастардың саны да ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы