421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділет министрлігі екі млрд теңге үнемдеді

  • 248
  • UPD: 14:08, 19.06.2020
Әділет министрлігі екі млрд теңге үнемдеді

Әділет министрлігі 2 млрд теңге үнемдеді. Сала басшысы Марат Бекетаев осылай деді. Айтуынша, қызметтік көліктердің саны қысқартылған. Жұмысшыларға жаңа тәртіп бойынша жалақы беріле бастады. Белсенді маманардың айлық табысы 63 процентке көбейген. Осылайша сала қызметін 30 процентке оңтайландыра білді.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Дуинг бизнес рейтингісінде Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарында енді. Және 190 елдің арасында 25-орынға ие болды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу сот актілерін орындауға арналған уақытша шығындарды оңтайландыру, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді тіркеу және автоматтандыру тәртібін оңтайландыру бойынша қабылданған шараларға байланысты мүмкін болды.

Хабар 24 телеарнасы