430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «Еңбек» бағдарламасымен мал өсіруді қолға алғандар саны артты

  • 599
  • UPD: 21:50, 19.06.2020

Мемлекеттің қолдауымен мал өсіріп, еңбегінің жемісін көрген ақтөбелік шаруалар көпшілікке үлгі көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңілдетілген несиенің арқасында ісін дөңгелеткен қожалықтардың кейбірі өнім түрін молайтуға көшті.

Биыл төрт түлікке ден қойғандардың саны арттады. Қазір «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзден аса азаматтың өтініші қаралып жатыр.

Авазжан Эрматов қожалық құрған он жылдан астам уақыт ішінде мал басын едәуір арттырған. Тек ірі қараның саны 150-ден асып жығылады. Оның 33-ін биылғы наурызда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде алған. Бұған дейін де үш рет мемлекеттік қолдауға ие болып, барлық талапты уақытылы орындаған кәсіпкердің кезекті өтініші тез мақұлданыпты. Қазір шаруашылық иелігінде сиырдан өзге, бір отар қой мен үйір жылқы да өсіріліп жатыр. Қажетті жайылым мен шабындық жер де жеткілікті. Қожалық басшысының ендігі арманы мал басын көбейтіп, көкөніс түрін өсіру.

Авазжан Эрматов, шаруа қожалығының басшысы:

– Осы уақытқа дейін «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларына қатыстым. Болашақта ірі қараны мың басқа дейін апарамын, жалпы бәрі жақсы. Енді жұмыс жетпей тұр. Соған сәйкес, кешегіде облыстық кәсіпкерлер палатасына 10 адамға квотаға берілді.

Өңір бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысып, мал өсіруді қолға алғандардың саны жыл өткен сайын арта түскен. Мұның себебін мамандар оның аясында берілетін несиенің 6 пайыздығымен байланыстырады. Тек Мұғалжар ауданы бойынша былтыр бұл бағытта 400 млн теңгеден астам қаржы игерілген. Оның басым бөлігі мал өсіру, бордақылау және өзге де кәсіп түрлеріне қарастырылған. Нәтижесінде бүгінгі күні жергілікті сауда орындарына мол өнім жеткізуге ниет танытып отырған қожалықтардың саны көбейіп отыр.

Бауыржан Жолмағамбетов, Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімнің басшысы:

– Қандыағаш қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Соған күзге дейін семірткендерін әкеп сатады. Құстарын, одан алынған өнімдерін, жұмыртқаларын сатады. Сүт, айран, құрт, сүзбе барлығы сонда сатылады. Сосын Қандыағаш, Ембі қалаларында үлкен-үлкен сауда үйлері бар. Соларға да тапсырады. Оларға да таза өнім.

Бағдарлама аясында кәсіп бастауды ұйғарған азаматтардың өтініштері әкімдіктерден бөлек, өзге де тиісті ұйымдарда қаралып жатыр. Биыл облысқа бұл бағыттағы жобаларды іске асыру үшін үш млрд теңге көлеміндегі қаржы бағытталыпты. 

Нұрлан Құсмағанбетов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АОФ бөлім басшысы:

– Биылғы таңда 230 кәсіпкердің құжаттарын қарастырып, мақұлданып жатыр. Соның ішінен 138 кәсіпкер өзінің мақсаттарына жетті. Бізде 500 бас қойға мақұлданып, олар алып жатыр. Көбі ірі қараларға алғылары келеді. Неге? Өйткені субсидиясы бар мемлекеттен.

Айта кетейік, төрт түліктен өзге арзандатылған несие құс, ара шаруашылығына және наубайхана мен қызмет көрсету секілді кәсіп түрлеріне бағытталмақ.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы