432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қаржы пирамидасын құрғандар әшкереленді

  • 403
  • UPD: 08:17, 20.06.2020

Павлодарда қаржы пирамидасының жолы кесілді.

Қаржылық бақылау тобы жылжымылы  және жылжымайтын мүлікті үстеме ақысыз бөліп төлеу бойынша әрекет еткен тұтынушы кооперативтің жұмысын әшкереледі. Үлескерлер кооперативке кіру үшін алғашқы жарна ретінде 180 мың теңге көлемінде жарна төлеген. Ал қаржының бір бөлігі кооперативтің, қалғаны арнайы құрылған серіктестіктің есебіне аударылған. Салымшылар  бір жылға жуық мерзімде айына 50 мың теңгеден ақша салып тұруы қажет болған. Ең қызығы, жаңа клиенттерді әкелген салымшылар 20 проценттік  бонусқа ие болған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар  осындай құйтырқы амалдар ойлап тапқан және ол салымшылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған.

Алаяқтарды павлодардың экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Олардың айтуынша, алаяқтар қаржының белгілі бір сомасын жинап алған соң жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін еді. Қалай болғанда да қаржы пирамидасының дер кезінде жолы кесілді.

Жоламан Қиналбеков, экономикалық  тергеу департаментінің басқарма басшысы:

– Бүгінгі күні қаржы пирамидасына салымшылардың жалпы сомасы 3 млрд  900 млн теңгеден астам қаражаты тартылған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы әрекеттері үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында көрсетілгендей, жеке мүлкі тәркіленіп, күдіктілер, кінәлі адамдар 5 жылдан 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы