476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада 4 мыңдай нысан карантин талаптарын сақтамаған

  • 687
  • UPD: 09:27, 21.06.2020
Қызылордада 4 мыңдай нысан карантин талаптарын сақтамаған

Қызылордадағы әмбебап сауда үйлерінің біріндегі желдету қондырғысы істен шыққан.

Кәсіпкерлік нысан иесіне төменгі қабатты 2 тәулікке жауып, олқылықты реттеу тапсырылды. Жалпы облыста карантин талаптарының сақталуын үнемі назарда ұстайтын 32 мобильді топ құрылған. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға жауаптылар індет таралуы жойылмағанын әр рейд сайын тұрғындарға ескертіп әлек. Сондай-ақ кәсіпкерлік меншік иелеріне де түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр. Шектеу шаралары енгізілгелі бері 8 мыңдай нысан тексеруден өткізіліп, соның жартысына талапты сақтамағаны үшін хаттама толтырды. 10 бизнес құрылымының ісі сотқа жолданды. Санитарлық ағарту жұмыстары ұдайы жүргізілуіне қарамастан, сатушылар және тұтынушылар толықтай бетперде мен қолғап қолдануға құлық танытар емес.     

Бектас Нұридинов, қала әкімінің орынбасары:

- Кіреберіс жерлерде антисептик орналасқан. Сонымен қатар әр сатушы алдына антисептик қойылған. Міндетті түрде келген тұтынушыларға антисептик қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ кейбір жағдайда өкінішке орай нан өнімдерінің сырты целлофан жабдықтарымен қапталмаған. Әр кемшілікке сәйкес заң аясында тиісті өкілетті органдарға жолданады.

Хабар 24 телеарнасы