418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қатаң тәртіптегі колонияда жасалған ағаш есіктер Қырғызстанға экспортталып жатыр

  • 221
  • UPD: 09:27, 21.06.2020
Семейде қатаң тәртіптегі колонияда жасалған ағаш есіктер Қырғызстанға экспортталып жатыр

Сапалы құрылыс материалдарына сұраныс артып келеді.

Бүгінге дейін 3 мыңға жуық есік шығарылған. Оның ішінде Арыс қаласындағы үш мектепті қалпына келтіру үшін 600, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінің жатақханасына 700 есік жөнелтілген. Әзірге өнімнің 35 түрі бар. Олар Нұр-сұлтан, Шымкент, Ақтау, Өскемен қалаларындағы құрылыс дүкендері арқылы сатылады. Жалпы Шығыс Қазақстанда 3 жылдан бері түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту тұжырымдамасы аясында 49 кәсіпкерлік нысаны ашылып, 700-ге жуық сотталған азамат жұмыспен қамтылып отыр. 

Айдын Қалелов, ОВ-156/14 мекеме басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Бұл өнімдерге деген сұраныс артып келе жатқаны қуантады. Жазасын өтеушілер тұрақты еңбекпен қамтылып, жалақыларын уақытында алып отыр. Ең бастысы адал еңбекпен ел экономикасына үлес қосып жатыр. Болашақта цех жұмысын кеңейтсек деген де жоспарлары бар.

Хабар 24 телеарнасы