476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жоба бар

  • 810
  • UPD: 09:26, 21.06.2020
Атырау облысында ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жоба бар

Ол жоба негізінен қызмет көрсету саласын қамтиды.

Былтыр құны 160 млн теңге болатын 30 жоба жүзеге асқан. Облыстық бюджет арқылы бөлінетін несиенің жеңілдіктері жеткілікті. Нәтижесінде ауылдарда дүкендер мен тойханалар, көлік жөндеу орталықтары ашылып, жұмыс істей бастады. Өткен екі жылда шағын және орта бизнесті дамыту арқылы 1500-ге тарта адам жұмысқа орналасты. Биыл тағы 127 млн теңгеге кәсіпкерлерден тапсырыс түсіпті. Бүгінде ауылдықтар тек өнім өндіруді ғана емес, бизнестің ауыл шаруашылығы емес саласына ден қоя бастаған

Зейнеш Сарбөпиева, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Оның ішінде сән салондарын ашу, жолаушылар тасымалы қызметі, көлік жуатын орындарын ашу, наубайхана қызметі сияқты халыққа қажетті орындарды ашу жоспарланып отыр. Біз ұсынған 24 жобада қосымша 30 адам жұмыспен қамыталады деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы