427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көп қабатты үйден секірген адам ауыр халде жатыр

  • 401
  • UPD: 09:34, 22.06.2020
Елордада көп қабатты үйден секірген адам ауыр халде жатыр

Елордада көп қабатты үйден секірген ер адам ауыр халде жатыр. Ал артынан дәл солай суицид жасағысы келген әйел медицина мамандарының бақылауына алынды.

Айта кетейік, күні кеше «Инфинити» тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел адам құлады.

Төтенше жағдайдар департаментінің мәліметінше, кейінгісі құтқарушылар сөзіне құлақ аспаған. Бірақ арнайы батутқа құлап, аман қалды. Терезеден секіргендер бірге тұрып келгені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы