429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды

  • 440
  • UPD: 10:41, 22.06.2020
Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл туралы облыстың баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Өкінішке қарай, коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Коронавирус симптомдары байқалмайды», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, енді Амандық Баталов оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы