421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласында 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда

  • 330
  • UPD: 11:39, 22.06.2020
Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласында 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда

Өңірде жергілікті маңызы бар жолдарды қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл облыстағы 148,9 шақырым жолдың жағдайы жақсартылып, автомобиль жолдары саласында 33 жоба іске асырылады. Атап айтқанда, мұнда 7 автомобиль жолын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 7 жоба аясында жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 217,4 шақырымды құрайды.

Жол  жөндеушілер ХГМЗ қиылысынан 23,24, 28 «А» шағын аудандары қиылысына дейінгі жолды, Ата жолы, Тұщықұдық елді мекендеріне кіру жолын қайта жаңарту, Форт-Шевченко ‒ Таушық, Қызан ‒ Ақшымарау және Қызылсай ‒ Сенек жолдарын жөндеуден өткізіп жатыр.

Сонымен қатар биыл Жыңғылды – Шайыр – Шерқала, Шетпе – Қызан жолдарын, су жинағыштан «Құрық» паромды кешеніне дейінгі автожолды, «МАЭК» су жинағышынан «Құрық» теңіз портына дейінгі жолды қайта жаңарту және Өмірзақ елді мекенінен Жылы жағажайына дейінгі жолды салу жұмыстары жалғасуда. Жобалардың жалпы ұзындығы 117,7 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ облыста Жаңаөзен ‒ Құланды, Маңғышлақ ‒ Карьер-400 жолдарын орташа жөндеуден өткізу жобалары іске қосылады деп күтілуде. Оңды елді мекеніндегі балалар лагеріне, Ералиев станциясына, Шайыр, Жармыш, Сыңғырлау, Қызылөзен, Таушық елді мекендері мен Жаңаөзен қаласына кіру жолдары да жөнделеді.

Ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық кенттерінде жолдардың 46,1 шақырымы салынып, 47,4 шақырымы жөнделетін болады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 30 жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Жұмыспен 1382 адам қамтылмақ.

Еске салайық, өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1928 шақырымды құрайды. Өткен жылы асфальт жабындысы жолдардың 107,7 шақырымында төселіп, Құрық – Құрық порты, Шетпе – Үштаған, Ақтау – Форт – Шевченко – Қаламқас кен орны және Оңды елді мекеніне кіру жолы жобалары аяқталған болатын.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы