420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Ақмола облысында 5300 тұрғын үй салынады

  • 297
  • UPD: 14:37, 22.06.2020
Биыл Ақмола облысында 5300 тұрғын үй салынады

Биыл Ақмола облысында қаржыландырудың барлық көзінен 570 мың шаршы метр немесе 5300 тұрғын үй салу міндеті тұр.

5 ай ішінде өңірде тұрғын үй құрылысына 24,7 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы алаңы 239,3 мың шаршы метр болатын 2085 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 10,4 млрд теңгеге 49 жобаны іске асыру көзделген. 595 жұмыс орны ашылады.

49,4 мың шаршы метр немесе 1002 жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Оның ішінде сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 21 жобаны іске асыру үшін 2,9 млрд теңге қарастырылған. Биылғы 5 айдың қорытындысында қаржыландыру жоспары бойынша әкімдікке 357,4 млн теңге аударылды. Жыл соңына дейін 13,9 мың шаршы метр немесе 290 жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл үйлердің құрылысына барлығы 202 адам жұмысқа тартылады.

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5,6 млрд теңге қарастырылған. Оған 35,5 мың шаршы метр немесе 712 тұрғын үй пайдалануға беріледі. 250 жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2% несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 181 тұрғын үй қарызына 1,8 млрд теңге қарастырылған.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 15 жобаны іске асыру үшін 1,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 166,4 млн теңге аударылып, қаржы 100% игерілді. Ол жобалар аясында 143 адам жұмыспен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы