418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бек Эйр» әуе компаниясының сертификаты кері қайтарып алынды

  • 180
  • UPD: 17:10, 22.06.2020
«Бек Эйр» әуе компаниясының сертификаты кері қайтарып алынды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында мынадай жұмыстар жүргізді:

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықтарды орындамауына байланысты «Бек Эйр» әуе компаниясының пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды.

Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты «Azee Air» ЖШС және «Sigma Airlines» ЖШС әуе компанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды.

Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Осы мақсатта жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды. Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсаны).

ИКАО-ға мүше мемлекеттерде ұшу қауіпсіздігін бақылау деңгейі ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша анықталады (аудит немесе валидациялық миссия).

Алдын ала ақпарат бойынша Қазақстанда ИКАО аудиті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді деп жоспарлануда.

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізу деңгейін арттыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2021 жылдың 4 тоқсаны).

Хабар 24 телеарнасы