422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қорғас» ШЫХО азаматтарды қабылдауға дайын   

  • 343
  • UPD: 23:41, 22.06.2020

«Қорғас» құрылғанда, былайғы жұрт бұл жерде үлкен орталық болады және ол халықаралық деген атына заты сай деңгейде қызмет көрсетеді деп ойлаған еді.

Алайда мұндағы жағдай мүлдем басқаша қалыптасты. Нақтырақ айтсақ, халықаралық орталық қан базарға айналып кеті. Алматының барахолкасынан еш айырмасы болмады. Келушілер көрші елден алған тауарларын көп күтетіндіктен, ұзын-сонар кезек пен кептеліс пайда болатын. Осы келеңсіздіктерді жою үшін орталық өз қаржысы есебінен 70 миллион теңге бөліп, көпсалалы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізді.      

Ардақ Айбарұлы, тілші:

– «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығына келушілер бұрындары тауарларын екі-ақ жерден алып өтетін. Қазір мұнда мынандай 6 турникет қойылды. Ол өз кезегінде кептелісті болдырмауға оң әсер етеді дейді мамандар.

Қытай халық республикасынан Қазақстан аумағына өтуге арналған ғимаратты жөндеу жұмыстары ақпан айында басталып, 7 мамырда аяқталды. Кеденшілер мен шекарашылардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне барынша жағдай жасалған. Әсіресе қауіпсіздік шараларына айрықша көңіл бөлініп отыр.

Рауат Еңсебаев, «Қорғас» ШЫХО АЭА күрделі жөндеу басқармасының басшысы:

– Аумағы 260 шаршы метрлік едені толық құйылып, ішіндегі темір қоршаулары әйнекке ауыстырылды. Сонымен қатар пандемияға байланысты 12 дене қызуы аппараты мен қосымша бейнебақылау камералары қойылды.

Нұржан Сатубеков, «Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасының орынбасары:

– Жүк өту мөлшері 25 килограмм осы жерден өтетін болса, қазіргі уақытта Қытай жағынан 7 қабылдау пункті ашылып, біздің операторлармен, сол пункт арқылы өтеді. Енді біз өзіміз анализ жасап қарадық, кептелістің көбісі тауардың көптігіне байланысты тексеріс кезінде көп уақыт алады. Сол себепті біз жүкті пошта арқылы өткізуді жөн көрдік.

Енді мұнда келушілер көпсалалы ғимарат арқылы салмағы 5 келіден аспайтын қол жүгімен ғана өте алады. Ол үшін бірыңғай оператор 30 автобус пен 30 такси шығарды. Жүкті солар қабылдап, өз көліктерімен терминалға апарып тапсырады. Бір айта кетерлігі, баға бұрынғыдай 2 мың теңге көлемінде болмайды, өседі. Баға қазір белгіленіп жатыр. Біз бір мезетте 38 мың келушіні қабылдауға әзірміз. Оларға 28 мыңға жуық масан сапалы қызмет көрсетеді дейді халықаралық орталықтағылар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы