418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының мөлшері нөлге дейін төмендетілді

  • 161
  • UPD: 10:10, 23.06.2020
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының мөлшері нөлге дейін төмендетілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында кәсіпкерлерді салықтық ынталандыру бойынша елімізде қандай шаралар қабылданғанын айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап арнаулы салық режимін қолданатын шағын және микро бизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылды. Экономиканың әртүрлі салаларында 2020 жылдың 1-ші қазанына дейін еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме белгіленді. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының мөлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында импорттау кезінде қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілді», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр 2020 жылғы 1-ші қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12-ден 8%-ке дейін төмендетілгенін айтып өтті.

«Сондай-ақ 1-ші маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдердің бәрін төлеу мерзімін ұзарту енгізілді», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы