427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жидебайға жол тартқан волонтерлер Талдықорғанға жетті

  • 422
  • UPD: 11:10, 23.06.2020
Жидебайға жол тартқан волонтерлер Талдықорғанға жетті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Алматыдан Семейге  жаяу шыққан волонтерлер бүгін Талдықорғанға жетті.

Олар 260 шақырымды 9 тәулік ішінде жүріп өткен. Облыс орталығына табан тіреген еріктілерді «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары қарсы алып, игі бастамаларына сәт сапар тіледі. Төрт адамнан тұратын экс-педициялық топ  40 күннен аса уақыт ішінде Жидебайға жетуді жоспарлап отыр. Содан кейін Семейге барып сапарларын тәмамдайды. Жүрген жолын, көрген қиындығын, елді мекендерді таспаға түсіріп жүрген волонтерлер жинақталған материалдардан документальды фильм жасамақ.

Дамир Кушеев, экспедициялық топ жетекшісі:

- Биыл ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы  мен волонтерлер жылы. Осы екі датаны біріктіріп осындай  жаяу экспедицияны ұйымдастыруды жөн деп есептедім. Қазір міне, орта жолға жетіп қалдық.  Біздің басты мақсатымыз, Абай атамыздың жатқан жері Жидебайға барып, рухына тағзым ету.

Хабар 24 телеарнасы