424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 720 мың тонна астық жиналады

  • 525
  • UPD: 11:52, 23.06.2020
Жамбыл облысында 720 мың тонна астық жиналады

Жамбыл облысында егінге орақ түсті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Биыл өңірде 380 мың гектарға жуық жерге арпа, бидай себілген. Қазір өңір диқандары маусымдық науқан кезінде өнімді уақтылы жиып-теріп алу үшін жанталасып жатыр.  Қажетті техника жеткілікті. Биыл база 7 процентке жаңартылған.  Жанар жағар май да бар. Енді жауын-шашынның астында қалдырмай қамбаны астыққа толтырып алу керек. Шаруалар биыл жылдағыдан 150 мың тонна артық астық бастырып, 720 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қазір Байзақ, Қордай, Жамбыл және Тұрар Рысқұлов аудандарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Жалпы көлемі 430 гектардай алқап орылды. Орташа есеппен әр гектарынан 24,5 центнер өнім алынуда.

Ерлан Құлкеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 710 мың гектарға егістік орналасқан. Оның ішінде 379 мың гектар жерге масақты дәнді дақылдар. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға артып отыр. Негізгі артқан дақылдың көлемі ол арпа. Өйткені бізде мына мал азығын қамтамасыз ету үшін арпа дақылының көлемі ұлғайып келеді.

Хабар 24 телеарнасы