423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай трактор зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады

  • 283
  • UPD: 15:51, 23.06.2020
Қостанай трактор зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады

Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің қазіргі жағдайы ерекше назар аударуды талап етеді.

Бүгінде елімізде 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелген. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды ескере отырып, қазіргі басты мәселе ішкі өндіріс есебінен ауыл шаруашылығы техникасының қатты тозған паркін жедел жаңарту болып табылады. Өйткені тракторлардың 65%-ы мен комбайндардың 46%-ы 17 жылдан астам пайдаланылуда.

Ол үшін елімізде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының заманауи өндірісін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы техникасының ескірген паркін жаңарту саланың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы бағытта жасалып жатқан жұмыс ретінде 2019 жылдың 23 қазанында «Қостанай трактор зауыты» базасында «Кировец» тракторлары өндірісінің ашылуын атап өту керек. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 700 тракторды құрайды.

Жоба Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Техника өндірісі Қостанай қаласының индустриалдық аймағында «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен ынтымақтастықта басталды.

Кәсіпорынның ел үшін жоғары экономикалық және әлеуметтік маңызы бар. Қазақстанда технологиялық құзыреттілік трансферті, терең оқшаулануы және жоғары қосылған құны бар барлық заманауи халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін бірегей өндіріс құрылды. «Кировец» 1924 жылдан шығарыла бастаған. Кеңестік трактор жасаудың негізі сол кезден қаланды.

2014 жылы «Кировец» жаңартылған нұсқаның сериялық өндірісін тапты. Посткеңестік кеңістіктегі елдерде жоғары сұранысқа ие энергияға қаныққан ауыл шаруашылығы тракторын жаңарту дала жағдайында техниканы пайдалануды талдау, шаруалардың тілектерін ескеру және сапаны бақылаудың көпсатылы жаңа жүйесін құру нәтижесінде атқарылды.

«Кировец»-ке жетілдірілген және сенімді гидравликалық жүйе қойылды. Сондай-ақ техниканы 3-ші және 4-ші санатты ауыл шаруашылығы жабдықтарымен толықтыруға мүмкіндік беретін бірегей әмбебап ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталды. Трактордың ішкі және сыртқы дизайны да өзгерді.  

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы