429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында КВИ дертінен үшінші адам қайтыс болды

  • 317
  • UPD: 19:57, 23.06.2020
Қостанай облысында КВИ дертінен үшінші адам қайтыс болды

Қостанай облысында коронавирус инфекциясынан үшінші адам қайтыс болды. Науқас 1949 жылы туған Жангелдин ауданының тұрғыны.

Ол 13 маусым күні ауылдан Қостанайға келгенде өзін әлсіз сезініп, дене қызуы көтерілген. Сосын медициналық көмекке жүгінген. Әйелі және қызымен бірге облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жатқызылған. Оның COVID-19-ға тапсырған сынамасынан індет белгілері шықты. Жүргізілген емдеу шаралары тиімсіз болғандықтан, науқас 17 маусым күні кешқұрым көз жұмды. 

Ксения Барабанова, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:

- Марқұм 30 мамыр күні адам қарасы көп болған ас беру рәсіміне қатысқан. Оның алдында Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтарды күтіп алғаны белгілі болды. Соңғы жарты жылда ол ауылдан шықпаған.

Хабар 24 телеарнасы