418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы шекарада санитарлық бекет ашылды

  • 185
  • UPD: 19:34, 23.06.2020
БҚО-дағы шекарада санитарлық бекет ашылды

Батыс Қазақстан облысындағы шекара қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Карантин біткенімен шектеу шаралары жалғасуда. Шекарадан өтуге тек жүк көліктеріне ғана рұқсат берілген. Тұрғындар көрші елге тек емделуге немесе жақын адамы қайтыс болғанда ғана өте алады. Ел аумағына кіргендердің барлығын санитарлық дәрігерлер тексереді. Қызуы көтерілген науқастар бірден ауруханаға жіберіледі. Төтенше жағдай басталғалы 70 адам жедел жәрдем көлігімен емдеу орындарына кетіпті. Қазір мұнда уақытша санитарлық-карантиндік бекет ашылған. Бұрындары шекарадан тәулігіне 6 мың автокөлік пен 10 мың адам өтсе, қазір олардың саны 3 мыңнан да аспайды.      

Ермек Баяхметов, «Сырым-авто» өткізу бекеті бастығының орынбасары:  

- Біздің өткізу бекетіміз арқылы 800-дей көлік өтеді. Олармен арақашықтықты сақтай отырып шекаралық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмысты медицина мамандары барлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады. Яғни құжаттарды антисептикпен залалсыздандырып, бізге тексеруге жібереді.

Хабар 24 телеарнасы