420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шамалғандағы онлайн әкімдікке жүгінушілер қатары артты

  • 445
  • UPD: 21:44, 23.06.2020

Халыққа оңтайлы онлайн қызметі. Алматы облысы, Шамалған ауылында еліміздегі алғашқы сервистік әкімдік ашылғалы бері тұрғындар ұзын-сонар кезекті ұмытқан.

Әкім мен мемлекеттік мекеме басшыларының қабылдауына бармай-ақ «онлайн бұрышы» арқылы қажетті сұрақтарына жауап алады. Ал карантин кезінде осы қызметке жүгінушілер қатары ұлғая түсті.

Гүлзинат Өтежанова онлайн қызмет алу туралы көп ойланбаған  тұрғындардың бірі еді. Бірақ, шешімін күткен мәселесі көбейді. Электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін  аудан орталығына бару керек.Оған уақыт пен қаржы жұмсалады. Ең дұрысы өз  ауылындағы сервистік әкімдікке барып «онлайын бұрышының» көмегіне жүгіну.  Мамандар  кеңсеге келген әр адамға қажетті кеңес береді.     

Гүлзинат Өтежанова, ауыл тұрғыны:

- Маған компьютерден өзіме көрсеткен. Өзім отырып өзім үйрендім. Үйде де ашсам болады екен комьютер болса. Очередь жоқ сол жері жақсы екен. Уақытымызды үнемдейміз әрі тез болады екен.

Фируза Жұбаниязова, ауыл тұрғыны:

- Мен Егов бұрышына анықтамалар керек болып келгем. Іштегі балалар сразу шығып 5 минуттың ішінде даже ЦОН-да 5 минутта алмаймыз ғой шынын айтайық. Рахмет. 

«Онлайн» қызмет көрсету бұрышында дербес компьютер орнатылған. Ауыл тұрғындары  аудан әкімдігінің кез-келген маманымен тікелей эфир арқылы дидарласа алады. Сұрақтарын қойып, өтініштерін айтады. Жалпы Шамалған ауылдық аймағындағы халық саны 20 мың болса, соңғы 3 айда осы қызмет түріне 5 мың адам пайдаланған. 

Ержас Тоқтасынов, Шамалған ауылдық округінің әкімі:

- Карантин кезінде ауылдық округте екі жарым мыңнан аса адам 42500 жәрдемақа ұсыныстарын білдіріп,  өз қаражаттарын алды. Одан бөлек атаулы әлеуметтік көмек алуда да төрт мыңға жуық тұрғын өз ұсыныстарны беріп, қазіргі таңда барлық көмек ауылдық округ тарапынан көрсетілді.  

Қазір ауыл тұрғындары осындай онлайн қызметтің оң нәтижесін көруде. Кезек күту деген  жоқ. Уақыт та үнемделеді. Ең бастысы ауыл тұрығындары ғаламтормен жұмыс істеуді үйреніп, мемлекеттік қызметтің заманауи үлгісін меңгеруде. Дәл осындай «онлайн бұрыштар» Қарасай ауданындағы барлық ауылдық округ әкімдіктерінде ашылып, іске қосылды.

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы