427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда зауыт Веснянка өзенінен суды заңсыз сорып жатыр

  • 322
Қарағандыда зауыт Веснянка өзенінен суды заңсыз сорып жатыр

Қарағанды қаласындағы Веснянка өзенін іргедегі өндіріс ошағы ластап жатыр. Эколог Дмитрий Калмыковтың айтуынша, көмір байытатын зауыт жұмысына көп су қажет.

Сондықтан олар сорғы станциясын орнатып, өзен суын заңсыз пайдалануда. Ал өндіріс ошағынан шыққан қалдық суды бей-берекет далаға төгіп жатыр. Соңғы 4 жыл ішінде жасыл алқаптың қалай қара жерге айналғанын спутник арқылы түсірілген картадан анық аңғаруға болады дейді табиғат жанашыры. Осы уақыт аралығында шамамен 10 гектар жер ластанған. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі басқармасының мамандары да бұл жайдан хабардар, жуық арада шара қолданатынын айтып отыр. 

Дмитрий Калмыков, эколог:

- Ел экономикасының күретамыры саналатын өндіріс ошақтарының тұрақты жұмыс істеп тұрғаны жақсы әрине. Бірақ дәл осындай құрбандыққа барудың қажеті жоқ ғой. Топыраққа сіңген өндіріс қалдығын жоюдың өзі енді оңайға соқпас. Зауыт құрылтайшылары, жергілікті билік өкілдері келешекте мұндай олқылыққа жол бермей, жасыл желекті қайтадан қалпына келтіреді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы