418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда туризм университетін ашу себебінің бірі Қ.А.Яссауидің кесенесі болды – Ғалым

  • 261
  • UPD: 20:16, 23.06.2020
Түркістанда туризм университетін ашу себебінің бірі Қ.А.Яссауидің кесенесі болды – Ғалым

Түркістанда халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды. Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған оқу орны 4 ғимараттан тұрады.

Оқу корпусы мен жатақхана 4,  ректорат пен спорт кешені 2 қабатты. Мың орындық тағы бір жатақхана салу жоспарда бар. Университеттің кейбір ғимараттары тамыз айында пайдалануға беріледі. Бұл оқу орны еліміздегі туризм саласында әлемдік деңгейдегі мамандар дайындайтын алғашқы халықаралық университет. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген оқу орнының түлектері халықаралық үлгідегі екі диплом алып шығады.

«Бұл олардың әлемнің кез келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді» дейді мамандар. Оқу ордасында отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды.

Майнура Мырзамадиева, халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры:

- Халықаралық туризм университетін ашу үшін Түркістан қаласы бекер таңдалып отырған жоқ. Біріншіден, көне шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, екіншіден түбір түркі жұртының рухани астанасы. Үшіншіден, мұнда Орта Азиядағы теңдесі жоқ ғимарат, ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі орналасқан. Сондықтан осының барлығы біріге келгенде біздің университет үшін үлкен маңызға ие болады. Міне бүгінен бастап, оқу орынына студент қабылдауды бастадық.

Хабар 24 телеарнасы