432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтаарал: Мырзакент маңындағы шағын ауданда екі үйдің құрылысы аяқталды

  • 308
  • UPD: 21:02, 23.06.2020
Мақтаарал: Мырзакент маңындағы шағын ауданда екі үйдің құрылысы аяқталды

Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы маңында салынып жатқан жаңа шағын ауданда 2 үйдің құрылысы толық аяқталды.

51 үйдің шатыры жабылды. Қазір 31 мердігер мекеме 386 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен Өргебас және Фирдауси ауылдарында да қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, халықтың жай-күйімен танысқан аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс компанияларына құрылысты сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы