424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантин шаралары қайта күшейтілді

  • 630
  • UPD: 22:09, 23.06.2020

Шымкентте карантин шаралары қайта күшейтілді. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Шаһарда балабақшалар мен спорт нысандары жабылды. Сондай-ақ көлік жуатын орындар мен техникалық қызмет көрсететін орталықтар, моншалар мен гүл сататын орындардың жұмыс уақытысына шектеу қойылды. 

Шымкентте эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақты болмауынан карантин шаралары күшейтілді. Ендігі жерде тұрғындар санитарлық талаптарға бағынуы қажет. Ал ертеңнен бастап, халық көп баратын орындардың бірі базарлар мен сауда орындарының жұмыс уақытына біршама шектеулер енгізілмек. Ал демалыс күндері мұндай сауда нысандарының есігі жабық болады. 

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Сауда орындары барлық қызмет көрсететін басқа жаңағы мойкамыз бар, гүл сататын орнымыз бар ойын сауық орталықтары бар барлығы сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады. Аулаларда мөлтек аудандарда бөлек тұрған азық-түлік сататын дүкендер ғана сағат 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Сенбі-жексенбі күндері қалада барлық сауда орындары, оның ішінде базарлар мен ойын сауық орталықтары жұмыс жасамайды. Қазір шаһарда жағдай мәз емес. Дәрігерлер науқасты емдеуде күн-түн демей жұмыс жасауда. Оларға артылған жүк ауыр. Сондықтан қалада қолжетімді медициналық қызметтің алғы шарттары жасалған.Қосымша төсек орындар жабдықталып, ИВЛ аппараттары әкелінген. Осыған қарамастан карантин талаптарын сақтамағандар ауруды өршітуде дейді әкімдіктегілер. 

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Қашықтық ұстап тұрған жоқпыз. Масканы бәріміз киіп жатқан жоқпыз. Әлі халықтың көбісі сеніп жүрген жоқ. Қыз ұзату өткізіліп жатыр. Құдалық өткізіліп жатыр. Той өткізіліп жатыр жасырын түрде. Парктерде, тамақтану орындарында барлығында адамдар көп. 

Шымшаһарда карантин шаралары шілденің 6 на дейін ұзартылған болатын. Ал бүгіннен бастап балабақшалар мен спорт нысандарының есігі уақытша жабылды. Қалыпты жағдайда тек коммуналдық қызмет, дәріхана медицина ұйымдары жұмыс істеуде.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы