418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда әкімдік қызметкері блок-бекеттерден өту анықтамасын сатқан

  • 143
Петропавлда әкімдік қызметкері блок-бекеттерден өту анықтамасын сатқан

Қылмыстық істің деректері бойынша, қалалық әкімдіктің бас маманы төтенше жағдай режимі кезінде жедел штабтың мүшесі бола тұра, карантиндік блок-бекеттерден өту анықтамасын сатумен айналысқан.

Ол рұқсат қағазы үшін 50 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сот оған айыпұл салып, мемлекеттік қызметтен шеттетті.

Михаил Гусев, қалалық соттың судьясы:

- Сот кінәлінің өкінгенін ескеріп, парадан 60 есе көп, яғни 3 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы