427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетібай – Жаңаөзен жолын жаңарту жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады

  • 724
  • UPD: 12:48, 24.06.2020
Жетібай – Жаңаөзен жолын жаңарту жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық Жетібай – Жаңаөзен жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын.

Жолдың екі учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын.

Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. «Аккорд/Ақжол Құрылыс» БК және «Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S» компаниялары» екі жыл ішінде 976 адамды жұмысқа тартса, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды, деп хабаралды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жолдың 68,6 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның 57,4 шақырымы І техникалық санаттағы, 11,2 шақырымы ІІ техникалық санаттағы жолдар болмақ. Бұдан бөлек мұнда 2 жол өтпесі, 25 су өткізгіш құбыр және мал өтпелері орнатылған.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 95,2% құрайды. 2017 жылы мұнда  Бейнеуден Ақтау қаласының теңіз портына дейінгі аралықта жатқан Бейнеу – Ақтау автомобиль жолын қайта жаңартуға қатысты ірі жобаны жүзеге асыру шаралары аяқталған еді. Аталмыш жолдың ұзындығы 430 шақырымыды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы