427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маусым айында жедел жәрдем шақырту көрсеткіші 10% өскен

  • 519
  • UPD: 15:29, 24.06.2020

Соңғы кезде жедел жәрдем шақыртушылар саны күрт артты.

Бұған дейін медициналық бригадалар республика бойынша күніне 18 мың шақыртуға шығып жүрген. Ал маусым айында көрсеткіш 10 процентке өскен. Әсіресе, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында кәдімгідей қарбалас байқалады.

22 мың. Жедел жәрдем қызметкерлері қазір күнделікті осынша мәрте шақыртуға шығады. Жүктеменің артуына байланысты қызмет көрсету тәртібі де өзгерген. Мәселен, науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда бригада 10-15 минутта жетеді. Ал айқын қауіп болмаса, келу уақыты 60 минутқа дейін созылады. Бұған қоса, коронавирус жұқтырғандарға көмектесудің де өз алгоритмі бар.

Бауыржан Жүсіпов, ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының м.а.

- Коронавирусқа қатысты қоңыраулар, әсіресе, елордада көп. Маусым айының өзінде 2600-ден аса шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1236 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл 48 процентті құрайды. Қалған науқастар дәрігерлерінің бақылауымен үйіне жіберілген.

Мұрат Оразбаев, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры:

- Қалыптасқан жағдайға байланысты жедел жәрдем саласын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қазірдің өзінде елімізде 93 процент санитарлық автокөлікпен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 807 көлік сатып алынбақ. Бұған қоса, медициналық мамандардың біліктілігін арттыруға қатысты кешенді шаралар қолға алынған.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы