429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіруге қатысты заң жобасы мақұлданды

  • 318
  • UPD: 15:06, 24.06.2020
Мәжілісте салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіруге қатысты заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұл заң жобасының маңызды бағыттары салық жүйесін реформалау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, тарифтік саясатты және монополияға қарсы реттеуді жетілдіруді көздейді.

Сонымен қатар отырыста депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Аталған құжат қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іске асыру үшін құқықтық қолдау тетіктерін құру мақсатында әзірленді.

Осыған байланысты заң жобасында экология, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау шеңберінде жұмыс тобы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды құқық қолдануда іске асыру үшін коллизияларды болғызбауға және құқықтық олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған түзетулерді талқылады.

Жалпы отырыс барысында палата бірқатар ратификацияланатын заң жобасын жұмысқа алды. Атап айтқанда, еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы.

Сонымен қатар Қазақстан мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстанда офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы және осылардың қатарында Қазақстан мен Грузия арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Ақпарат көзі: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы