423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арыс оқиғасына бір жыл: зардап шеккендерге 6 млрд 261 млн теңге өтемақы төленген

  • 277
  • UPD: 16:06, 24.06.2020

Арыс қаласында әскери қоймадағы жарылыстың салдарынан жарамсыз болып қалған 480 үй қайта салынды.

Бүлінген тағы 7155 баспана жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 75 мың тұрғынның 62 мыңының дүние-мүлкі жарылыстан зардап шеккен деп танылған. Оларға 6 миллиард 261 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төленген.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:

- Арыс қаласы бойынша төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың саны - 467. Оның ішінде 404 нысанның иелеріне «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры арқылы 3 миллиард 69 миллион теңге көлемінде кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру үшін өтемақы төленді. 63 кәсіпкерлік нысан иелеріне қорда қаржының жетіспеуіне байланысты төлем алдағы уақытта жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы