418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Азаматтық альянсының президентi сайланды

  • 162
  • UPD: 17:49, 24.06.2020
Қазақстан Азаматтық альянсының президентi сайланды

Салтанат Рахымбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып сайланды.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

24 маусымда Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекова Қазақстан Азаматтық альянсының президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келді, жасыл экономика және экология саласындағы белгілі қоғам қайраткері, бірқатар үкіметтік емес ұйымның - G-Global жасыл экономика және даму коалициясы, «EXPO&Women» халықаралық ұйымы, Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының негізін қалаушы және жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі жөніндегі Кеңестің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының бес мерейтойлық медалімен марапатталған.
«Шығармашылық» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты.

Хабар 24 телеарнасы