418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адам саны 12-ге жетті

  • 182
  • UPD: 21:01, 24.06.2020
Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адам саны 12-ге жетті

Ақмола облысында өткен тәуліктерде коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олар  1931 және 1953 жылдары туған ер азаматтар, сондай-ақ, 1952 және 1963 жылғы әйел адамдар. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Сүлен Ілиясов мәлімдеді. Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, өзін суықтап қалдым деп жүрген 57 жастағы Бұланды ауданының тұрғыны ауруханада бір аптадай жатып қайтыс болған. Ал Бурабай ауданында тұратын 68 жастағы әжей Шымкент қаласынан келген туыстарымен байланыста болғаннан кейін халі нашарлап, ауруханаға түскен. 10 маусымнан бері суық тию белгілері байқалған кейуана біраз уақыт үйде емделген көрінеді. Алайда екіжақты пневмонияға шалдыққан науқасты құтқару мүмкін болмаған. Осылайша, аймақта қауіпті вирустан қайтыс болғандардың саны 12-ге жетті. Алайда олардың үшеуі коронавирустан көз жұмбаған болуы мүмкін. Себебі олар бұрыннан ауыратын, жасы келген кісілер еді, дейді дәрігерлер.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Солардың ішіндегі біреуі мәселен, бес жыл бойы төсекке таңылып жатқан кісі. 92 жастағы қария «Шапағат» әлеуметтік-медициналық мекеменің қамқорлығында болған. Пациентте көптен бері екіжақты пневмониямен ауырған. Жүрек және басқа аурулары тағы бар. Сондықтан осының бәрі оны өлімге алып келді. Ал коронавирус инфекциясы жай бір себеп қана болуы мүмкін. Аталған 3 кісінің мәселесін республикалық комиссия назарына қайта ұсынып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы