429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 40 шақты медицина қызметкері ақысыз демалысқа шықты

  • 374
  • UPD: 22:17, 24.06.2020
Оралда 40 шақты медицина қызметкері ақысыз демалысқа шықты

Оралда қалалық көпбейінді аурухананың 40 шақты қызметкері еңбекақы төленбейтін демалысқа жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Аурухана басшылығы  мұның себебі емдеу нысанының 220 кереуеттік инфекциялық станционар ретінде бейімделіп, қайта ашылуымен байланысты дейді. Ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлерге инфекциялық стационарға бейімделіп жұмыс жасау жөнінде алдын ала хабарлама берілген. «Алайда бұл қадам олардың өз таңдауы», - дейді кадр бөлімінің мамандары. Қазіргі уақытта мұнда 28 дәрігер мен 82 мейіргер және 59 кіші қызметкер, жұмысқа тартылыпты. Жұқпалы аурулар стационары 180 науқасқа көмек беріп, ем-дом жасап жатыр.

Самал Қалиева, қалалық көпбейінді аурухананың кадр бөлімінің инспекторы:

— Енді 42 адам, оның ішінде 3 дәрігер, 16 орта буын мейіргерлер, қалғаны кіші буын қызметкерлері еңбекақы сақталмайтын демалысқа жіберілді. Олар өз еріктерімен инфекциялық стационарға кіруге бас тартып өтініш білдірді. Жұмыс орны әрине сақталады. Әзірге тек қана еңбекақы сақталмайтын демалысқа ғана жіберіліп тұр. Егер өз еркімен жұмысқа 2-ші, 3-ші бригадаға өтініш білдіріп кіргізуге келсе қызметкерлерді инфекциялық стационарда жұмыспен қамтамасыз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы