426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 12 түлек ҰБТ тапсырған жоқ

  • 281
  • UPD: 22:30, 24.06.2020
Қарағанды облысында 12 түлек ҰБТ тапсырған жоқ

Қарағанды облысында 12 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24»

Емтихан тапсыру ережесін бұзғандардың басым бөлігі аудиторияға ұялы телефон алып кірмек болған. Арасында тіпті, сұрақ жазылған парақты жыртып алып, дәретханаға барғандар да бар, дейді білім басқармасының өкілдері. Биылғы тест барысы арнайы орнатылған бейнекамера арқылы бақыланды. Ондағы бағдарлама үміткерлердің кез келген қимыл-әрекеттің қалт жібермейді. Айта кету керек, осы жылы облыста 6500 түлек бағын сынамақ. Тест 15 орында өтіп жатыр. Олардың барлығы санитария талабына сай.

Есенғазы Иманғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы:

— Тестілеуге тыйым салынған заттарды қолдану балаңыздың нәтижелерінің жойылуына және шеттетілуіне алып келеді. Бала биыл ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Сондықтан балаларыңызға ұялы телефондарды және шпаргалканы қолдануға болмайтындығын ескертулеріңізді сұраймыз. Әрбір аудиторияда бейнекамералар орнатылған. ҰБТ өткізу барысында арнайы мониторингтік топтар бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы