417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында шаруалар «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп отыр

  • 179
  • UPD: 22:39, 24.06.2020

Былтыр Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасымен 1600-ге жуық адам Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млрд теңгеден аса несие алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

6 пайыздық жеңілдікпен берілген қаражат шаруалардың ісін ілгерлетіп, жаңа кәсіп бастауына мүмкіндік берді. Мемлекет көмегін тиімді пайдаланған шаруалардың бірі, Тайырзат Айнабеков.  

Мал бордақылауды кәсіп еткен Тайырзат Айнабеков  былтыр 100 бас ірі қара сиятын қора жай салған еді. Сонысын кепілге қойып, «Еңбек» бағдарламасы аясында  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Берілген қаржыға 20 бұқа сатып алып, жем шөп қорын жинаған. Осылайша шаруа көптен бері көкейінде жүрген ойын мемлекет қолдауымен жүзеге асырды.   

Тайырзат Айнабеков, шаруа:

— Мемлекет көмегі өте жақсы. Берген үзілісі өте жақсы. Алты айдың ішінде біз малды семіртіп, жемімізді дайындап, семіртіп алдық. Енді осыны сатып, қиыналмай несиемізді жабамыз деп ойлаймын. Тек несие үш жылға. Бірнеше айналдыруға ыңғайлы.

Шаруашылықта алты адам еңбек етеді. Олар ірі қараны бордақылап, сойып, жіліктеп жергілікті сауда орындарында сатумен айналысады. 

Дәмесхан Құсанұлы, жұмысшы:

— Бес алты айдан ері өгіздеріне қарап, жемін беріп, уақытында суын беріп бағып жатырмыз. Сонымен мал семіз.  80 мың береді. 

Данияр Ойшыбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Алматы филиалының бас маманы:

— Жыл басынан ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Алматы филиалы арқылы 350 адам несие алды. Оның жалпы соммасы 1,5 млрд теңге. Бізге өтініштер күн сайын түсіп жатыр. Біз шетінен қарастырып жатырмыз.

«Еңбек» бағдараламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығынан бөлек, басқа да кәсіп түрлерін қаржыландырады. Көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне несие 4 процентпен беріледі. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы