476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID: Нұр-Сұлтанда науқастар саны 3 есе өсті

  • 667
  • UPD: 10:10, 25.06.2020
COVID: Нұр-Сұлтанда науқастар саны 3 есе өсті

Елордада коронавирус инфекциясы және пневмониямен күніне 350-400-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы науқастар саны қазіргі уақытта 2 жарым мың адамға дейін өсті. Оның 91 пайызы орташа ауырлық дәрежесінде, 9 пайызы ауыр және өте ауыр жағдайда. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі соңғы аптамен салыстырғанда науқастардың саны 3 есеге өсті. Бүгінгі тәулікте реанимация бөлімінде 103 адам жатыр. Оның 55-сінде коронавирус инфекциясы болса, оның 22-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді.

Айтуынша, бүгінде қалада коронавирустан болған 38 өлім жағдайы тіркелді. Олардың 70 пайызы – 60 жастар асқандар.

Хабар 24 телеарнасы