417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да кәсіпкер ірі сомадағы салықтық берешегін төледі

  • 157
  • UPD: 10:23, 25.06.2020
ШҚО-да кәсіпкер ірі сомадағы салықтық берешегін төледі

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстағы акционерлік қоғамның біріне қатысты ірі көлемде салықтан жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары мемлекетке жалпы сомасы 1,9 млрд теңге төленбеген салық түріндегі келтірілген залалды толығымен өтеді.

Кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеуге байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы