Италия жағалауында құтқарылған мигранттардың жиырма сегізінде коронавирус анықталды.
Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Теңізде құтқарылған 200 босқынды осыдан бірнеше күн бұрын Италияға жеткізген болатын. Алайда карантин шектеулеріне байланысты оларды айлаққа жібермей, арнайы кемеге орналастырды. Кірмелерді тестілеп, 28-і КОВИД-19 жұқтырғаны белгілі болды. Оларды өзгелерден оқшауландырды. Ал қалғандары екі күннен кейін қайта тексеруден өтуі тиіс.