417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде бос уақытта кітап оқитындар қатары артқан

  • 279
  • UPD: 15:06, 25.06.2020
Ақтөбеде бос уақытта кітап оқитындар қатары артқан

Карантин кезінде бос уақытын кітап оқуға арнайтындар көбейген.

Мұны  кітапхана оқырмандары санының артуынан-ақ байқауға болады. Мәселен Ақтөбедегі Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханасына соңғы жарты жыл ішінде 10 мыңға жуық жаңа оқырман тіркелген. Онлайн режимде білім алуға мәжбүр болған студенттерді айтпағанда, оқушы балаларына түрлі әдебиет алдыруды әдетке айналдырған ата-аналар қарасы да көп. Соңғы үрдіске сәйкес онлайн қызметке жүгінетіндері де аз емес. Пандемия кезінде 3 мыңға жуық азамат интернет арқылы өтініш білдіріп, қажетті кітаптарға тапсырыс берген. Қазір кітапхана қоры 500 мыңға жуық. Мамандар оларды біртіндеп цифрлық жүйеге енгізуде. Мәселен, қазір Абай Құнанбаевтың барлық шығармаларын мекеменің интернет парақшасынан оқуға болады. 

Бақытгүл Сынабаева, С. Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары:

- Біздің өзіміздің қалыптасқан қорымыздағы библиографиялық шолуымыз онлайн бағытында көрсеттік. Кітап көрмелеріміз виртуалға ауысты. Кездесулер, презентация бізде онлайн сұхбатқа ауысты. Біз оқырмандарымызбен байланысты үзгеніміз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы