415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялар анықталды

  • 491
  • UPD: 11:09, 25.06.2020
Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялар анықталды

Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялардың табылуына байланысты суға түсуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Алмалы мен Әуезов аудандарының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. «Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі «Ұлттық сараптама орталығы» РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдердің барын анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады», - деді Алмалы аудандық әкімдігінен. Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.

 

Хабар 24 телеарнасы