417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау маңында жүрген арыстан ұсталды

  • 917
  • UPD: 11:47, 25.06.2020
Ақтау маңында жүрген арыстан ұсталды

Ақтау қаласы маңындағы Ақшұқыр ауылында емін-еркін жүрген арыстан құрықталды.

102 кезекші бөліміне 25 маусым күні 05:30-да қала маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның жүргені туралы қоңырау түскен. Инспекторлар аңды ұстады. Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта жануардың қайдан шыққаны анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы