424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латын Америкасында коронавирус өршіп тұр

  • 388
  • UPD: 12:15, 25.06.2020
Латын Америкасында коронавирус өршіп тұр

Ал әлемде 9 миллион 400 мың адам вирус жұқтырған. Оның 480 мыңы қауіпті дерттің құрбанына айналды.

Вирус әсіресе Латын Америкасында дендеп барады. Мұнда Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты. 2 миллион 200 мыңға жуық адам  індеттің ілмегіне ілінді. Қайтыс болғандар мен вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Бразилия тұрғындары. Бұл елдегі өлім-жітім көрсеткіші АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Мексикада 24 мың адам дендеген дертті жеңе алмады. Мұнда вирус жұқтырғандардың саны 200 мыңға жеткен. Себебі Мексика мен Бразилияда қатаң карантин шаралары енгізілген жоқ. Перуде вирустан 8 жарым мың адам қайтыс болса, Чилиде 4 мың 700 азамат көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы