428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзен мен Қарақияда карантин күшейтілді

  • 436
  • UPD: 15:15, 25.06.2020
Жаңаөзен мен Қарақияда карантин күшейтілді

Бүгіннен бастап Жаңаөзен мен Қарақия ауданында карантин режимі күшейтілді. Бұл Маңғыстау өңірінде вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімі.

Оған сәйкес Жаңаөзенге қарайтын Рахат, Теңге, Қызылсай және Қарақия ауданындағы Сенек, Бостан, Құланды және Болашақ ауылында карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары 13 шілдеге дейін сақталады. Бұл елді мекендерді Ақтаумен қосатын жолға блок бекеттері қойылды.

Айта кетейік, өңірде 344 адам коронавирустан жазылып шықты. 450 науқас пневмониядан емделіп жатыр. 25-інің жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы