428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкер Мақтааралдағы он отбасыға үй салып берді

  • 370
  • UPD: 15:31, 25.06.2020
Кәсіпкер Мақтааралдағы он отбасыға үй салып берді

Мақтааралдық азамат өз қаражатына тасқын судан зардап шеккен 10 отбасына үй салып берді.

Бүгінге дейін баспанаға мұқтаж жеті отбасы қоныс тойын тойласа, қазір қалған үш үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа баспанаға қолжеткізгендердің бірі Елқоныс ауылында тұратын Құрбановтар отбасы. Көктемгі су тасқыны кезінде үйлері қирап, баспанасыз қалған болатын. Шаңырағы шайқалып, қиындыққа тап болған көп балалы отбасына кәсіпкер 2 айдың ішінде 6 бөлмелі үй салып берді. Сондай-ақ су тасқыны кезінде мыңға тарта мақтааралдықты қамқорлығына алып, азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек және жатын орынмен қамтамасыз еткен.

Юлдаш Сұлтанов, облыстық тәжік этномәдени орталығының төрағасы:

- Жылда бір ауылға жәрдем береді. Ұлтына қарамайды, кім болса да үй салып беріп, жәрдемдерін аямайды. Биылдың өзінде аудандағы аз қамтылған 150 отбасына көмектесіп жатыр. Азық-түлік, қажетті заттарын таратып отыр.

Назакет Қадирова, Назарбек ауылының тұрғыны:

- Басымызға күн туғанда бізді қиындыққа қалдырмай көмек қолын созып, баспана салып беріп жатқан азаматқа алғыс айтамыз. Міне қазір жұмыс жүріп жатыр. Бұйырса жақын күндері баспаналы боламыз.

Хабар 24 телеарнасы