426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы кардиооңалту орталығы науқастарды саумалмен емдеуге көшті

  • 417
Қарағанды облысындағы кардиооңалту орталығы науқастарды саумалмен емдеуге көшті

Бұл жерде жүрек-қан тамырлары және травматологиялық дертке шалдыққандар жатады.

Қазір мұнда операция жасатқан 80 адам ем алып жатыр. Көпшілігі бие сүтінен соң сауығып келе жатқандарын айтады. Ұлттық сусынның адам денсаулығына пайдасы ұшан-теңіз. Саумал құрамындағы дәрумендер ағзадағы түрлі аурулардың қабынуына қарсы тұрып, иммунитетті көтеретінін дәрігерлер әлдеқашан мойындаған. Саумалды орталыққа облыстағы ірі жылқы шаруашылығының жетекшісі жеткізіп тұрмақ.

Виктор Терехов, қала тұрғыны:

- Бие сүтінің мың да бір ем екеніне көзім жетті. Саумал ішкелі ағзамның сауығып келе жатқанын сеземін. Өзім жүрек талмасымен ауырамын. Бұрын бойымда үнемі бір әлсіздік байқалатын. Қазір қимылым ширады.

Хабар 24 телеарнасы