418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда беташар өткізген тұрғын жазаланады  

  • 400
  • UPD: 22:09, 25.06.2020

Таразда карантин кезінде беташар өткізген отбасының әрекеті әшкере болды.

Олар өңірдегі өршіп тұрған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Шөлдала тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласына 50-ден астам адам жинап, той өткізген. Ғаламторда таралған бейнежазбаға қарасақ, қонақтардың ешқайсысы бетперде тақпаған. Жергілікті полицейлер, беташар өткізген 27 жастағы жігітті анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді кінәлі тұлғаның ісі сотқа жолданады.

Айта кетейік, аймақтағы қауіпті вирусқа шалдыққандардың басым бөлігі - егде жастағылар. Мұны мамандар осындай жиын-тойлардың көптігімен байланыстырады.

Ғазиз Надуев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Біздің халық жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсініп отырған жоқ. Отбасылық және басқа да мерекелерді атап өтіп жатқандар көп. Ораза кезінде ауызашар, одан қалды құдалық, туған күн, беташар. Міне, осының бәрі вирус жұқтырғандардың қатарын көбейтуге сеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы