431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы тамақтану орындары санитарлық талапты сақтамай отыр

  • 309
Талдықорғандағы тамақтану орындары санитарлық талапты сақтамай отыр

Талдықорғандағы бірқатар мейрамхана мен тамақтану орындары карантин кезіндегі санитарлық талаптарды сақтамаған.

Арнайы тексеріс ұйымдастырған жұмыс тобы осыған көз жеткізді. Мәселен, Жансүгіров көшесіндегі мына дәмханада өрескел қателіктерге жол берілген. Күндіз құрылыс жұмыстары жүргізілсе, кешкісін қонақтарды қабылдаған. Қызмет көрсететін мамандардың да қолғабы болмай шықты. Келесі мекемеде залалсыздандыру заттары бар болғанымен, дұрыс орнатылмапты. Жауаптылар жіберілген кемшілікті көрсетіп, түзетіп берді. Ал мына мейрамханада жастар кальянның қызығына батып отырды. Қазіргі жағдайда оның қауіпті екенін ескермеген. Нысан әкімішілігі де тыйым салынғанын білмейміз деп ақталды. Сала мамандары ескерту жасап, бірден нысанның жұмысын тоқтатуға пәрмен берді.

Ермек Әсімқұлов, қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

- Рейд бойынша 9 нысанды тексердік. Олар барлар мен асханалар. Екі барда анықталған кемшіліктер бар. Хаттамалар толтырылады. Сосын сотқа материал жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы